Конституциялық құқық негiздерi
Жоспар
Кіріспе 3
1 Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы 4
2 Қазақстан Республикасы - егемендi және тәуелсiз мемлекет 6
3 Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет 9
4 Қазақстан Республикасының сайлау жүйесi 11
5 Қазақстан - Президенттiк Республика 12
6 Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi құқықтары мен бостандықтары 13
7 Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi мiндеттерi 19
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 22
Кіріспе
Қазақстандық жалпыұлттық идеяның негізгі астарында «Қазақстан кімнің мемлекеті: қазақтардың ба әлде қазақстандықтардың ба?» деген сауал тұр. Жауап: Қазақстан – елді мекендегі барша ұлтар мен ұлыстардың, этникалық-әлеуметтің топтардың Отаны. Этникалық тұрғыда жер қазақ халқының жері болғанымен, мазмұны жағынан демократиялық-құқықты, азаматтық қоғамды құруға бағыт алып отырған Отанымыз көп ұлтты. Қай ұлт өкілі болмасын, олар – Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматы, қазақстандық. Бұл кез келген дамыған демократиялық әлемдік мемлекеттерге тән қасиет. Франция – франциялықтардың, АҚШ – американдықтардың Отаны.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.
1 Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы
«Конституция» деген сөздiң латыннан аудармасы «құрылғы», «жарғы», «заң» деген мағыналарды бiлдiредi. Ежелгi Римде император билiгiнiң кейбiр актiлерi осылай аталған. Ең бiрiншi конституция дүние жүзiнде 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейiн қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бiрiншi конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтiк кесiмдерден мынадай ерекшелiктерi бар екенiн айта кету керек:
2 Қазақстан Республикасы - егемендi және тәуелсiз мемлекет
Халықтың билiк етуi жарияланды. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр қайнар көзi - халық. Халыққа, негiзiнен мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын анықтау құқығы берiлген. Қазақстан халқы - тек қазақ ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Халық дауыс беру, (референдум), талқылау, сондай-ақ Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттiк өмiрдiң маңызды мәселелерiн шешуге қатысады. Президенттi де тiкелей халық сайлайды.
3 Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет
Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады.
Демократиялық мемлекет - Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тiкелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкiлеттi мерзiмi бiткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билiгi бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретiнде Қазақстан әлеуметтiк және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшелiктерiне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесiн бiлдiруiне, оның есепке алынуына да мүмкiндiктер бередi.
4 Қазақстан Республикасының сайлау жүйесi
Қазақстанда сайлау жүйесiнiң екi түрi қолданылады: төте сайлау және жанама сайлау. Қазақстан Президентi, Мәжiлiс және Мәслихат депутаттарн төте сайлау жүйесi арқылы сайланады. Президенттi конституциялнқ заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары дауыс беру арқылы жетi жыл мерзiмге сайлайды.
5 Қазақстан - Президенттiк Республика
Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, елдiң жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президентi Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан, Қазақстан халқының бiрлiгiн қамтамасыз етедi, былайша айтқанда, түрлi ұлттар арасында, әлеуметтiк топтар арасында ала ауыздық болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттiк билiктiң түрлi буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе қайта қарау үшiн керi қайтарады.
6 Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi құқықтары мен бостандықтары
Конституцияның 12-шi бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекетi мойындайтын әрi кепiлдiк беретiн өз азаматтарының белгiлi мiнез-құлқының заңдық мүмкiндiктерiн бiлдiредi. Осының нәтижесiнде өркениеттi мемлекеттердегi адам мен азаматтардың негiзгi құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясында бекiтiлген. Конституция бойынша оларды жеке, саяси, экономикалық, және әлеуметтiк топтарға бөлуге болады.
7 Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi мiндеттерi
Азаматтардың негiзгi мiндеттерiне Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қaдip-қacиeтiн құрметтеу, салықтар мен алымдарды төлеу, т. б. жатады.
Қорытынды
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: "Соңғы өткен 10-жыл тек Совет Үкіметінің ыдырауы мен ескіліктің күйзелуі болып қана тарихқа кірмейді. Жаңа мемлекеттер тобының қазіргі замандағы әлеуметтік - саяси және зкономикалық құрылыс моделіне бет бұрысы жүзеге асырылуда".
Конститутциялық құқық негіздерін зерделей келе біз Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекетке өту үрдісінде екенін байқадық.
Сонымен, құқықтық мемлекет – көпшілік саяси биліктік құқықтың нысанындағы құрылған қызметті, заңның жоғарлығына негізделген қоғамның жан-жақты заңға бағынышты актілерге қатысты нормативтік–құқықтық актілердің түрлері ретіндегі заң басымдығы мен ғана емес, қолданылып жүрген заңдар мен қоғам мүшелеріне бекілген құқықтар мен бостандықтың кең аясымен сипатталады. Құқықтық мемлекетте адам құқығын қандай болмасын шектеуге жол берілмейді. Сонымен бірге құқықтық мемлекет осы құқықтардың жүзеге асырылуын дәйекті және бұлжытпай қамтамассыз етуге және оларды қорғауға міндетті. Осыған байланысты қоғам мен мемлекет өміріндегі түрлі саладағы құқықтың теңдік проблемасы принципті мәнге ие болады.