Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Инфляция және инфляцияға қарсы саясат.


Жоспар
Кіріспе 3
1 Инфляцияның мәні және мазмұны 4
2 Инфляцияның себептері және механизмі 8
3 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшелігі және инфляцияға қарсы саясаты 14
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер 21

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасы тұрақты елдердің бірі болып табылады. Бірақ бұндай жетістіктерге жетуде біздің еліміз көптеген бөгеттер мен қиыншылықтардан өтті. Саяси, әлеуметтік және де ең бастысы экономикалық түрлі жағдайларды бастан кешті.
1991 жылы тәуелсіздікті алғаннан кейін Қазақстан экономиканы дамытып тұрақтандыруға байланысты көптеген шаралар қолданды. Американдық және Батыс елдер экономика стратегияларын алға алады, бірақ та бұл іс - әрекеттер дұрыс нәтижелер әкелмеді. Сол жылдары Қазақстан экономиканың ауыр сырқатына инфляцияға тап болды.
Инфляция – бұл бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы, инфляция – жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан сәйкессіздік. Былай айтқанда, бұл экономикадағы ретсіздік.
Инфляцияға қарсы нақты құрал, саясат және әдістер жоқ. Кейбір дамыған елдерде инфляцияның жағымды жақтары бар екенін дәлелдейді. Бірақ бұл жерде тәуекелділік өте жоғары.

1 Инфляцияның мәні және мазмұны

Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет саласын төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция – қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономикалық салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

2 Инфляцияның себептері және механизмі

Ақша туарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылыма эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болумен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға өсу деңгейі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді.

Қорытынды

«Инфляция және ҚР-ның инфляцияға қарсы саясатты» атты курстық жұмысымды қорытындыласам Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін, 1993 жылдың 15-қарашада шығарылған ақша «теңге» ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының ақша жүйесі деген заңмен бекітілді. Содан бері ол еліміздегі төлем құралы болып табылады.
Бірінші сұрақта инфляцияның мәні, мазмұны жөнінде сұрақта жалпы инфляцияға толық анықтама берілген. Инфляцияның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызыметімен байланыстырады.