Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 69 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың қызметінің конституциялық-құқықтық аспектілері


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Саяси партияларды құқықтық құбылыс ретінде зерттеудің теориялық негіздері 7
1.1 Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының және дамуының мәселелері 7
1.2 Саяси партиялардың құқықтық мәртебесінің түсінігі және құрылымы 13
1.3 Саяси партиялар конституциялық-құқықтық институт ретінде 16
1.3.1 Саяси партияның түсінігі және функциялары 18
1.3.2 Партиялық жүйелердің мәні және типологиясы 27
1.3.3 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық институт ретінде қалыптасу кезеңдері 35
2 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың қызметінің конституциялық-құқықтық аспектілері 44
2.1 Саяси партиялардың құрылуының, қызметінің және тарауының құқықтық негіздері 44
2.2 Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын құқықтық реттеу 51
2.3 Саяси партиялардың қаржылық қызметін құқықтық реттеу 57
Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі 69

Кіріспе

Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Саяси партияларды құқықтық реттеудің теориялық және практикалық мәселелері, әдетте, отандық және шетелдік саяси және заң ғылымдарының басым бағыттарына кіреді. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңінде аталған мәселелер ерекше өзектілікке ие болуда, себебі елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер уақытында, мемлекет пен қоғамды байланыстыратын саяси партиялардың тиімділігі тиісті деңгейде болмай отыр. Мұндай өзгерістер кезеңінде саяси партиялар өздерінің жақтастары болып табылатын қоғамның бір бөлігінің мүдделерін мемлекет алдында мүмкіндігінше дәл білдіре алулары тиіс, сондай-ақ өз жақтастарына жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндірулері тиіс.
Осы ғылыми мәселе, сонымен бірге саяси партиялардың орнын құқықтық реттеуді жүзеге асыру тұрғысынан алғанда ерекше маңызға ие болады. Аталған құқықтық реттеу тек партиялық жүйенің дамуын ғана шешіп қоймай қоғамдық бірлестік болып табылатын саяси партия мәртебесінің ерекшеліктерін де есепке алуы тиіс.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Бітіру жұмысында Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесіне кешенді зерттеу жүргізілген, сондай-ақ қазақстандық саяси партиялар туралы заңнаманың өзгеру тенденцияларына талдау жасалынған.
Бітіру жұмысында қорғауға шығарылатын төмендегідей жаңа қорытындылар мен ұсыныстар құрастырылып, негізделген:
- саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесін реттейтін нормалар Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының жеке бір институттын құрайды;
- саяси партиялар институтын конституциялық деңгейден реттеу қазіргі уақытта жеткілікті дамымаған, яғни партияларды конституциялық реттеуді ұлғайту;
- саяси партиялар туралы қазақстандық заңның кейбір ережелері әлі де болса жетілдіруді талап етеді.
Бітіру жұмысының тәжірибелік маңызы.
Бітіру жұмысы материалдарын осы саладағы одан арғы ғылыми зерттеуге пайдалануға және оқу процесінде конституциялық құқық бойынша тиісті арнайы курс шеңберінде пайдалануға болады.
Бітіру жұмысының құрылымы.
Бітіру жұмысы Білім және Ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес көлемде орындалған. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.

1 Саяси партияларды құқықтық құбылыс ретінде зерттеудің теориялық негіздері

1.1 Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының және дамуының мәселелері

Саяси партиялар сияқты әлеуметтік-құқықтық феноменді зерттеу кезінде бірден байқалатын факт – олардың рөлі мен мәніне берілетін бағаның әртүрлілігі. Мұндай артық эмоция отандық және шетелдік ғалымдардың барлығына тән. Тіпті ұзақ тарихы бар, классикалық американдық партия жүйесін зерттеушілердің өздері де саяси партиялар туралы ой-пікірлерінде бір қалыптылықты ұстанбайды. Әсіресе бұл «саяси партиялар –демократия» деген өзара байланыс қағидасын бағалау кезінде анық білінеді. Біреулері партияларды қоғамның демократиялануының өкілдері ретінде, тіпті демократиялық қоғамның өзін-өзі басқаруын жүзеге асыратын құрал ретінде даңқа бөлейді.
Мысалы, Дж. Брайтс «локомотивке бу қандай керек болса, Америкадағы үкімет механизмін қозғалысқа келтіру үшін партиялардың рухы мен күші сондай қажет» [1]. Кейбіреулері саяси партияларды демократиялық процестерді жаратушы деп тіпті ары кетті. Мысалы, Е. Шатцнейдердің айтуынша «Саяси партиялардың ықпалының өсуі, қазіргі заманғы басқарудың негізгі белгілерінің бірі екендігі даусыз. Партиялар шын мәнінде демократиялық басқарудың пайда болуында басты рөл ойнайды. Сондай-ақ біріншіден, саяси партиялар демократияны дүниеге әкелді, екіншіден, қазіргі демократияны саяси партияларсыз елестету мүмкін емес» [2]. Бірақ осылармен қатар, саяси партияларға қажеттілік жоқ немесе олар демократиялық саяси өмірдің түбіне жетеді деп есептейтін екінші топ бар. Тіпті кейбір зерттеушілер саяси партиялардың қызметіне тыйым салу қажет деп есептейді. Республикашылардың негізін салған тұлғалар саяси өмірдегі ұйымдасқан топтарға күдікпен қараған. Дж. Медисон партиялардың құрылу процесін «топтардың апаты» деп атаған [3].

1.2 Саяси партиялардың құқықтық мәртебесінің түсінігі және құрылымы

Ғылымға кез келген әлеуметтік құбылысты құқықтық кеңістікке енгізудің бірнеше жолы бар екені белгілі. Құқықтық ғылым тұрғысынан олардың ең қызықтысы және маңыздысы болып құбылыстың құқықтық мәртебесін бекіту саналады. Құқыққа неғұрлым аз көлемде енгізілген объект құқықтық мәртебенің жекелеген элементтеріне ғана ие болады. Объект құқыққа неғұрлым терең енгізілген сайын, оның құқықтық мәртебесі соғұрлым толық беки түседі. Сәйкесінше, кез келген құбылыстың, біздің жағдайда саяси партияның құқықтық мәртебесінің болуы оның құқықтық табиғатынан хабар береді.
Кез келген құбылыстың маңызды сипаттамасы болып құқықтық мәртебесінің мазмұны мен көлемі табылады [20]. Бұл кез келген құқықтық құбылысты тану үшін оның құқықтық мәртебесін зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Бәрінен бұрын құқықтағы «құқықтық мәртебе» түсінігі ғылыми тұрғыдан нені білдіретіндігін анықтап алу керек.
Аталған термин ғылымда және заңнамада кеңінен қолданылып келе жатыр.

1.3 Саяси партиялар конституциялық-құқықтық институт ретінде

Осы зерттеудің маңызды мәселесі болып конституциялық құқық жүйесіндегі партиялардың құқықтық мәртебесінің орнын және оның қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайын реттеу жүйесіндегі орнын анықтау табылады.
Бәрінен бұрын партиялардың құқықтық мәртебесі объективті түрде өзінше пәнді, ал нақтырақ айтсақ, қоғамдық бірлестіктердің ерекше түрі – партиялардың жағдайын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын білдіреді. Құқық теориясында бұл сұрақ бойынша мынадай ұстаным бар. А.Б. Венгеровтың пайымдауынша: «Теорияда құқықтық нормалар негізінде, құқықтық институттар айқындалады. Бұл реттеу пәнінің ортақтығы бойынша құқықтық нормалардың бірлестігі болып табылады. Құқықтық институттар қоғамдық қатынастардың тиісті түрін жан-жақты реттеуге мүмкіндік береді» [24]. Партияның мәртебесін құрайтын құқықтық нормалар, жекелеген нормативтік актілерге жүйеленген және топталған.

1.3.1 Саяси партияның түсінігі және функциялары

Дамыған демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекеттің міндетті атрибуты ретінде идеологиялық және саяси әр алуандылықтың конституциялық деңгейде танылуы, Қазақстандағы қоғамдық-саяси ұйымдардың, қозғалыстардың және саяси партиялардың жедел дамуына жағдай туғызды. Оның ішінде, тек саяси партиялар ғана халықтың көңіл-күйін анықтаудың сенімді «құралы» болып табылады[30].
Қазіргі уақытта демократиялық мемлекеттердегі саяси партиялар, мемлекеттік билік органдарының қалыптасуына және олардың жұмыс жасауына шешуші ықпал жасайды. Ұлттық саясатты жасау, оны жүзеге асыру үшін тиісті ресурстарды табу, тиісті шешімдер қабылдау бүгінгі таңда саяси партияларсыз еш мүмкін емес. Тіпті демократия немесе халық билігі дегеніміздің өзі қоғамдық ұйымдардың дәл осы түрінің белсенді қызметі, яғни, олардың сайлаушылардың даусы үшін, саяси және әлеуметтік басымдықтар үшін күрестегі ашық бәсекелестігі, олар ұсынып отырған саяси бағыттар мен бағдарламалардың плюрализмі, олардың бірін-бірі сынауы және т.б. [4. 150 бет].

1.3.2 Партиялық жүйелердің мәні және типологиясы

Қазақстандағы саяси партиялардың рөлі мен ықпалының өсуі конституциялық құқық ғылымында партиялық жүйелерді зерттеуді өзекті мәселеге айналдырып жіберді.
Әдетте, ғылыми әдебиетте «жүйе» деп (гректің systema – бөліктерден құралған бүтін) бір-бірімен байланыста болатын және белгілі бір тұтастықты құрайтын элементтердің белгілі бір көптігін айтады [48].
Бүгінгі күнде «партиялық жүйенің» барлығы мойындаған анықтамасы жоқ.
Америкалық зерттеуші Дж. Лапаламбараның пайымдауынша, партиялық жүйе дегеніміз «екі және одан да көп бәсекелес партиялардың, ашық және еркін сайлауда бір-бірімен күрес жүргізу жағдайы». Бұл жерде партиялық жүйені сипаттайтын келесі элементтерді көрсетуге болады: 1) партиялардың белгілі бір санының болуы; 2) сайлаудағы олардың бәсекелестігі [36. 47 бет]. Оның бір партиялы мемлекеттерде партиялық жүйе жоқ деп айтқан пікірін де көп зерттеушілер қателік деп бағалайды.

1.3.3 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық институт ретінде қалыптасу кезеңдері

Соңғы жылдары жүргізілген түбірлі экономикалық және құқықтық реформалар қоғамдық сананың саяси әралуандығына алып келді. Мемлекеттегі саяси партиялар рөлінің өсуі олардың құқықтық институт ретінде қалыптасуына жол ашты. Қазақстан азаматтары саяси партиялардың толыққанды құқықтық институт ретінде қалыптасқанының куәсі болды.
Конституциялық құқықтық ғылымда бұл құқықтық феноменнің көптеген анықтамалары бар. Алайда олардың барлығы бір-бірінен біршама ерекше болғанымен мәні бойынша ұқсас болып келеді, яғни, саяси партияларды заңды түрде тану олардың ерекше құқықтық мәртебесін бекіту және т.б.

2 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың қызметінің конституциялық-құқықтық аспектілері

2.1 Саяси партиялардың құрылуының, қызметінің және тарауының құқықтық негіздері

Азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесін құрайтын маңызды саяси құқықтардың бірі болып, бірлесу құқығы, яғни, әртүрлі ұйымдарды еркін құру, оған қосылу немесе одан шығу құқығы табылады.
Нормативтік-құқықтық актілерде бұл құқық әртүрлі аталады: одақ құру еркіндігі [70], ассоциация құру еркіндігі [71], бірлесу еркіндігі.
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясының қабылдануы «бірлесу құқығының мәнін» дұрыс түсінуге алғашқы қадамды жүзеге асырды. Конституцияның 16 бабына сәйкес, республика азаматтары өздерінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін ерік бостандығы мен мүдделер ортақтығының негізінде қоғамдық бірлестіктер құруға құқылы болды [72].
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында да азаматтардың бірлесу еркіндігі құқығы көрініс тапқан (23 бап, 1 б.). Ал осы жалпы құқықтың ерекше түрі ретінде саяси партияларды құру еркіндігі одан бөлініп шығады («Саяси партиялар туралы» ҚР Заңының 3-бабының 1 б.). Себебі, саяси партиялардың мемлекетте ойнайтын рөлін ескере отырып, олардың қоғамдық бірлестіктердің өзге түрлерінен айтарлықтай айырмашылығы бар екендігін мойындауымыз керек.

2.2 Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын құқықтық реттеу

Сайлау институты демократиялық, құқықтық мемлекет қалыптастыру жағдайында халық билігін жүзеге асыратын шынайы механизмге айналады. Нақ осы жерде әртүрлі саяси күштердің өкілдері болып табылатын саяси партиялардың мүдделері тоқайласады.
Демократиялық мемлекеттердегі саяси партиялар мен олардың кандидаттарының сайлауға қатысуының құқықтық қағидалары мыналар:

2.3 Саяси партиялардың қаржылық қызметін құқықтық реттеу

Саяси партияларды құқықтық институционализациялаудың негізгі элементтерінің бірі болып, олардың қызметінің қаржылық жағын реттеу табылады. Бұл мәселе ерекше маңызға ие, себебі, саяси партияларды қаржыландыру негізінен ұйымдастырушылық-техникалық сипатқа ие болса да, мәні бойынша партия қызметінің барлық қырларын анықтайды.
Ресейлік зерттеуші Юдин Ю.: «Ақша мен саясаттың өзара байланысы – мемлекеттіліктің барлық даму кезеңдеріндегі саяси өмірге тән құбылыс. Қазіргі демократиялық мемлекеттің орнауы және дамуына байланысты бұл байланыс одан әрі күшейе түсті» - деп атап өтеді [17. 144 бет]. Оның пікірі бойынша, демократияның және оның саяси партиялар, сайлаулар, өкілді мекемелер сияқты негізгі институттарының конституциялық механизміндегі негізгі қиындық олардың қаржыландырылуында жатыр.