Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 73 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Қазақ тіліндегі интонация жүйесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ИНТОНАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 7
1.1 ИНТОНАЦИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ 7
1.2 ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТҮРЛЕРІ 17
1.3 ИНТОНАЦИЯНЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІ-ФОНЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 23
2 ИНТОНАЦИЯ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 31
2.1 ИНТОНАЦИЯНЫҢ ЕДИНИЦАЛАРЫ 31
2.2 ИНТОНАЦИЯНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ 34
2.3 АУЫЗША СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 43
2.4 ИНТОНАЦИЯНЫҢ СИНТАКСИСКЕ ҚАТЫСЫ 50
2.5 ДАУЫС ПЕН ҮН ЕРЕКШЕЛІГІ 57
ҚОРЫТЫНДЫ 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 73

КІРІСПЕ
Әуелде «интонация» термині латынның «intonare», «қатты сөйлеу» деген сөзінен пайда болғанымен, бұл терминнің қазіргі мағынасы әрі күрделі, әрі сан қырлы. Сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс: мелодия; ритм; темп; қарқындылық; тембр.
Әуен (мелодика), пауза, қарқын (темп), интенсивтілік, тембр интонацияның компоненттері болып табылады.

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ИНТОНАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1.1 ИНТОНАЦИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ
Кейбір зерттеушілер интонацияны субъективтік құбылыс деп есептейді. Мәселен, олардың айтуына қарағанда, бір тексті әркім әр түрлі мәнерде, әр түрлі интонациямен өзінше оқитын тәрізді. Сонда ол текстің міні де өзгереді дейді. Ондай өзгеріс яғни, бір тексті әркімнің әр түрлі оқуы, сол текстің мазмұнын жете түсінбеуінен болатын сияқты. Мұндай жағдайда ол текстің мазмұны да ауытқып кетуі әбден мүмкін. Бірақ бұған қарап интонацияны субъективтік құбылыс деп айтуға ешбір болмайды. Себебі онда интонацияның тілдегі объективтік, күрделі де көп қырлы функциясын жоққа шығарған болар едік. Сөйлемнің мағынасы мен интонациясының бір-бірімен тығыз байланыста болуының өзі интонацияның коммуникативтік зор маңызының айғағы болып табылады. А.М. Пешковский:

1.2 ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТҮРЛЕРІ
Жалпы тіл білімінде ғалымдардың сөйлемді түзетін негізгі белгілердің бірі ретінде және сөйлемдердің құрылымдық-коммуникативтік түрлерін даралауда интонцияның маңызы зор екені туралы пікірлері көрінеді. Шындығында да сөйлеу тілінде ғана емес, басқа жазба тілде де сөйлемдегі сөздерді семантикалық құрылымдық топтарға, яғни синтагмаларға бөлуде оларды бір-бірімен байланыстыруда интонацияның мәні айтарлықтай. Олай дейтініміз жазба тілдегі творчестволық процесте әр автор, әр жазушы жазып отырған тексті яғни жазба тілін әр уақытта ритмикалық топттарға, синтагмаларға бөліп қана қоймай, оның интонациясында "естіп" отыратыны табиғи жайт.

1.3 ИНТОНАЦИЯНЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІ-ФОНЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Қазақ тіліндегі интонакцяны экспериментті- фонетикалық зерттеу әдістері біздің жұмысымыздағы алға қойған мақсатымызға байланысты болады. Интонация сөйлеу тілінде, сөйлемнің неше алуан түрлерінде олардың мағынасы мен құрылымына байланысты көрініс табатыны - белгілі. Сондықтан оны қазақ сөйлемдердің тұрақталған барлық құрылымдық семантикалық түрлерімен байланыстыра қарауды жөн көрдік. Интонацияныэкспериментті-фонетикалық зерттеу бірнеше кезеңнен (этаптан) тұрды. Ең алдымен оған қазақ тіліиің әр алуан стилі мен жанрынан, прозасы мен поэзисынан зерттеу материалын жинап, саралап алу керек болды. Ол үшін жай сөйлемнің түрлі коммуникативтік типтері күрделенгеи сойлем, құрмалас сөйлемнің түрлері және бірнеше дербес сөйлемдерден тұратын күрделі синтаксистік тұтастықтарға мысалдар алынды:

2 ИНТОНАЦИЯ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 ИНТОНАЦИЯНЫҢ ЕДИНИЦАЛАРЫ
Тілдің жүйесінде ерекше деңгейі бар тәуелсіз кұбылыс ретінде интонацияның өзіне ғана тиісті спецификалық мағынаға ие болатын единицалары бар деп есептеледі. Сондай-ақ олардың саны да белгілі мөлшерден артпайды және олар кез келген тілден: алынып талдауға, зерттеуге келеді деп есептеледі. Жалпы тіл білімінде олар әр түрлі аталып жүр.

2.2 ИНТОНАЦИЯНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ
Қай халықтың болса да, оның сөйлеу тілінің өзіне тән интонациясы бар екені анық. Ол интонацияның өзінің ішкі сипаты мен ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер мынадай, төмендегі компоненттерден тұрады: әуені (мелодикасы), қарқыны (темпы), ұзақтылығы (длительность), паузасы, интенсивтілігі, тембрі. Интонацияның компоненттерін кейде просодикалық тәсілдер (просодические средства) деп атайды. Сөйлеу тілінде. интонацияның аталған компоненттері бірімен-бірі тығьіз байланысты болатыны сөзсіз. Бірақ олар сөйлемнің барлық түрлерінде әр уақытта бәрі бірдей орын алады және бәрі бірдей тыңдаушыға анық естіледі деп айту қиын. Себебі олар өзара түрлі қарым-қатынасқа түсіп, сөйлемнің әр алуан түрлерін түзуде, оларды бірінен-бірін ажыратуда қызмет атқарады.

2.3 АУЫЗША СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Орфоэпиялық дағдылардың қажеттілігі тек сөйлеумен шектелмейді. Егер тыңдаушының дұрыс қалыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдағаны мен естігенін дұрыс түсіне алмайды. Оның себебі, адам басқа біреудің сөзін тыңдағанда, өз санасындағы дыбыс жүйесімен салыстыра отырып, сөз сөйлемнің мәнін, ойын таниды, түсінеді. Демек, фонетикалық дағдылар тек сөйлеу үшін ғана емес, басқаның сөзін тыңдап-түсіну үшін де үлкен рөл атқарады.
Орфоэпиялық дағдылардың қатысымдық әрекетте алатын орнын, маңызын ескере отырып, тіл дамытуда оқушылардың санасында фонетикалық дағдыларды қалыптастыруға, одан әрі дамыту мен жетілдіруге белгілі талаптар қойылады. Олар:

2.4 ИНТОНАЦИЯНЫҢ СИНТАКСИСКЕ ҚАТЫСЫ
Тілді интонациясы - көп функциялы құбылыс. Функцияның ең маңыздысының бірі - оның синтаксиске қатыстылығы және синтаксистік мазмұнға ие болу, яғни синтаксистік функциясы.
Зерттеушілердің көпшілігі кез келген тілдегі сөйлемнің қай түрі болса да оның құрылымының компоненті міндетті түрде интонация болуы шарт дег тұжырымға сүйенеді. Интонацияның синтаксис функциясына қатысты идеяның түп негізі осы мәселеден туындайды.

2.5 ДАУЫС ПЕН ҮН ЕРЕКШЕЛІГІ
Қазіргі кезде де өнер адамдары арасында, оның ішінде, театр және кино актерлары, режиссерлар, сахна, теле-радио жүргізушілері, көркемсөз оқу шеберлері, әнші-вокалистер, сонымен қатар, мешіт имамдары мен уағызшылар, лекторлар мен мұғалімдер, адвокаттар мен соттар, қоғам қайраткерлері жалпы, сөз өнеріне қатысы бар мамандар арасында заман талабына сай мән берерлік машақатқа (проблемаға) айналып отырған мәселе – сөйлеу мәдениеті.

ҚОРЫТЫНДЫ
Интонация - көп функциялы, көп қырлы, күрделі құбылыс. Тілдің басқа элементтерімен салыстырғанда интонацияның өзіне ғана тән қасиеттері мен ерекшеліктері бар. Біздің байқауымызша, суперсегменттік, просодикалық тәсілдер, яғни интонация компоненттері, сегменттік бөлшектерден, яғни дыбыстардан бұрын пайда болған сияқты. Сөйлеу тілінен бұрын просодикалық тәсілдер тілсіз деп есептелетін дамуы жоғары саналатын үйірлі хайуанаттардың өзара қарым-қатынасында пайдалднылған.