Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 74 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Орта буын сыныптарында ақын-жазушылардың өмірбаянын оқытудың маңызы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Әдебиет сабағында ақын-жазушылардың өмірбаяндарын терең зерттеудің маңыздылығы 7
1.1 Ақын өмірінің тарихпен байланысы 7
1.2 Авторлардың өмірін оқытудың әдіс – тәсілдері 12
1.3 Орта буын сыныптарында ақын-жазушылардың өмірбаянын тиімді жолдармен оқыту 18
1.4 Жоғары сыныптарда жазушы өмірбаянын оқытудың мән-мағынасы 20
2 Оқытылатын ақын-жазушылардың өмірбаянын шығармашылық пен модельдеу – мұғалімнің кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдірудің шарты 26
2.1 Монографиялық тақырып – тарихи-әдебиеттік зерттеу негізі 26
2.2 Шерхан Мұртазаның шығармалары 28
2.3 Мұхтар Әуезов — Абайдан кейінгі алып 36
2.4 Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын тиімді жолдармен меңгерту 40
2.5 Мұхтар Шаханов өлеңдерінің өзіне тән өрнекті ерекшеліктері 56
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 65
Қосымша 1 67
Қосымша 2 67
Қосымша 3 68
Қосымша 4 68
Қосымша 5 68
Қосымша 6 69
Қосымша 7 70
Қосымша 8 70
Қосымша 9 71
Қосымша 10 71
Қосымша 11 71
Қосымша 12 72
Қосымша 13 72
Қосымша 14 73
Қосымша 15 73
Қосымша 16 74

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Отандық мәдениет пен білім беру саласында атаулы өзгерістер болып жатқанына бәрімізде куәміз. Осыған байланысты шығармашылықтың қандай да болмасын мазмұнының тұлғалық ерекшелік тұрғысынан қарастырылу мәселесі өте өзекті болып табылады. Өнер оның ішіндегі көркемдік әдебиетте автордың қайталанбас тұлғасының шығармашылық потенциалының іске асырылуы ретінде қабылданады. Бірақ бұл тұжырым мектеп практикасында аса қолданылмайды.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық арналарының қазіргі замандағы ерекшелігі: өнер адамының жеке тұлғасына деген жаппай қызығушылық. Мұндай ақпарат олардың шығармашылықтарының мәні мен сапасына байланысты болмайды, сонысымен көркем шығармашылықтың жалпы құндылығы мен мағынасына нұсқан келтіреді.

1 Әдебиет сабағында ақын-жазушылардың өмірбаяндарын терең зерттеудің маңыздылығы
1.1 Ақын өмірінің тарихпен байланысы
Мәдениеттің жалпы тарихындағы биографиялық жанрдың әртүрлі тұжырымдалуын қысқаша талдасақ осы жанрдың дамуының бірнеше бағыттарын анықтауға болады. Өмір оқиғалары мен өмірбаянын сипаттаудың жалпы жанрының қалыптасу барысында өмірбаяндар «субъектілерінің» іс-әрекеттерінің типтері бойынша дифференциациялау пайда болады. Аса ірі ақынның немесе жазушының шығармашылығы туралы сөз қозғалғанда нақты өмірбаяндардың типтерінің рет-ретімен ауысуына тікелей байланысты шығармадағы ерекшеліктер мен өмірлік фактілер ерекшелінеді.[3.3.]
Аталған өзара байланыстарды шартты түрде төрт типке бөлуге болады: тарихи-әлеуметтік, психологиялық, формалды және аралас. Типті анықтау үшін шығармашылық сипаттамасына деген әсердің басымдылығын анықтау қажет: жазушы өмірінің тарихи-мәдениетті жағдайлары, өзі мен отбасының әлеуметтік дәрежесін; оның психологиялық, психофизиологиялық тұрғыдан алғандағы ерекшелігі; шығарманың өмірмен «сыртқы» байланысынан принципиалды түрде бас тарту; бірнеше әсерлердің аралас кездесуі.

1.2 Авторлардың өмірін оқытудың әдіс – тәсілдері
Көптеген зерттеушілердің пікірінше өнер туындыларын өзі оқып немесе өз көзімен көріп содан кейін оларды субъективтік тұрғыдан тұжырымдау әдісі басқа әдістерге қарағанда оқушылардың жалпы өнерге деген көзқарасын дамытуда әсері өте зор. Сондықтан да өмірбаяндық әдістің арнайы сипаттамасын қарастырып көру қажет.
Біріншіден, бұл әдістің пайда болуы тарихи болып есептелінеді, өйткені ол негізінде тарих пәнінің аясында пайдаланыла бастаған болатын. Бұл жағдай ретроспективтілігінің молдығымен, бұрыңғы заманда өткенді толық реконструкциялауымен, өнерге жақындығымен дәлелденіледі. Және де қай пән болса да талдаудың негізгі бірлігі ретінде өмірде орын алған, нақты болған оқиғаны қарастырады. [13.5.]
Екіншіден, өмірбаяндық әдіс генетикалық (тектік) болып табылады.
Үшіншіден, әдетте, тіршілікте болған фактілерді зертханалық жағдайларда қайта құрастыруға болмайды – оларды тек реконструкциялауға ғана болады. Тұлғаның нақты өмірлік процесіне бағытталған өмірбаяндық әдіс өзінің «табиғилығымен» ерекшелінеді. Өмірбаяншы бақылаушы сияқты оқиғаларға араласа алмайды. Өмірбаяндық фактілер тек тұлғалық құралымның өмірлік көрсеткіштері ретінде ғана қарастырылады.

1.3 Орта буын сыныптарында ақын-жазушылардың өмірбаянын тиімді жолдармен оқыту
Мектепте ақын-жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор, әрі әдебиетті оқудың күрделі бір саласы болып табылады. Қай ақын-жазушыны, суреткерді алмайық, оның шығармашылығында, қол жеткен табысында өзі өмір сүрген орта мен шыққан ортасы, өмір жолының ізі жатады. Қай шығарма суреткердің қай өмір кезеңіне байланысты туған, ол шығарманың жазылу себебі не, мәселелерге де олардың өмір жолы жауап бермек. Мысалы, С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы қиялдан туған шығарма емес екені, он жазу кезінде Көкшеге үш рет баруынан туған дүние екені мәлім. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. [43.3.] Немесе, Міржақып, Сұлтанмахмұттардың, Мағжандардың «Алаш» туралы өлеңдері сол партияда болулары немесе сол қозғалыс кезінде оған жақтас, пікірлестерінен туғандығы баршаға аян. Сондықтан суреткер өмірі оның шығармашылығынан біртұтас қарастырылу керек.

1.4 Жоғары сыныптарда жазушы өмірбаянын оқытудың мән-мағынасы
Тәжірибеде суреткер өмірбаяныны арнайы сағаттар бөліп, шығармашылығын талдау алдында оқыту және он шығармашылығымен қоса, хронологиялық жүйемен оқыту орын алған. Орыс әдебиетін оқытуда соңғы тәсіл кең орын алады. [45.56.]
Ал, қазақ әдебиетін оқытуда бұл соңғы тәсіл кей жағдайда келе бермейді, оның басты себебі жазылып қалған деректердің болмауы, тағы басқа себептері бойынша ақын-жазушының өмірі, шығармаларының дүниеге келуінің нақты мерзімі белгісіз болуы. Жоғарыда айтылғандай, арнайы салат бөліп, суреткер өмірі, шығармашылығына қысқаша шолу жасаудың тиімділігі де бар. Егер мұғалім қосымша материалдар пайдалана отырып, кең көлемде суреткермен алдын ала таныстырып, оның тек өмірі ғана емес, азаматтық тынысы, халқына сіңірген еңбегі, өмір сүрген ортасына байланысты әр қилы өмір жолы, жеке басының қуаныш, қайғысы жайында ұтымды сөз қозғай білсе. Мысалы, Ахмет байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиевтерді өтуде осы тәсіл тиімді болмақ.

2 Оқытылатын ақын-жазушылардың өмірбаянын шығармашылық пен модельдеу – мұғалімнің кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдірудің шарты
2.1 Монографиялық тақырып – тарихи-әдебиеттік зерттеу негізі
Әдебиет сабақтарында ақын-жазушылардың өмірін оқытудың қажеттілігін тарихи-әдебиеттік негізінде зерттеу үшін монографиялық тақырыптың ерекшеліктеріне тоқталып кетейік. Монографиялық тақырыптың басты нысаны болып жазушы мен оның шығармалары табылады және бір немесе бірнеше мәтіні зерттеледі. Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар оқу бағдарламасында очерк формасында беріледі. [28.12.]
Егер орта сыныптарда оқушылар оқылып отырған шығарманы талдауға тікелей қатысы бар жазушының өмірінің бөлек бір жақтары туралы мәліметтер алса, енді жоғары сыныптарда өмірбаянмен жұмыс жазушының көркемдік әлемін, тарихи-әдебиеттік процесін түсінуге негізделеді.

2.2 Шерхан Мұртазаның шығармалары
Осыған орай біздің белгілі жазушымыз Шерхан Мұртазаның бірқатар шығармаларын да атап кету заңды деп есептеймін.
Балалық шақтағы бастан кешкен өмірлік шындықтар, соғыс жылдарындағы қазақ ауылының тыныс-тіршілігі бірнеше повестерінде жан-жақты суреттелген болатын. [40.12.]
Әлемде әр халықтың ұлттың мақтанышына айналған перзенттері болады. Жүздеген жыл, бірнеше ғасырлар өтсе де талантты, бір тума азаматтрын елі ешқашан ұмытқан емес. Неміс халық-Гетесін, ағылшындар – Шекспирін, орыстар Пушкині мен Толстойын, қазақтар Абай, Әуезов пен Момышұлын ұдайы қастерлеп ұлағатты сөздерін ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп келе жатыр.

2.3 Мұхтар Әуезов — Абайдан кейінгі алып
Дүние жүзіне атағы кең жайылған аса ірі совет драматургі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Николай Погодин: «Мұхтар Әуезов — Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін — Шығыстың Шолоховы» деп тектен-текке айтқан жоқ. Николай Погодиннің бұл сөзі бүкіл халық пікірінің жиынтығы болатын.
Халықаралық Лениндік сыйлықтың лауреаты, француздың белгілі жазушысы Луи Арагон: «Эпикалық «Абай» романы — XX ғасырдың ең таңдаулы шығармаларының бірі. Ол образдар мен ақыл-ойдың тұтас бір дүниесін алдына тартады. Оны тек совет әдебиеті шығармаларының ішінде алдыңғы қатардан орын алады деп қою жеткіліксіз. Қалай болғанда да Мұхтар Әуезовті тек бүгінгі күннің шеңберіне сыйғызып қою жеткіліксіз», - деген болатын. Совет заманында көркейіп гүлденген қазақ халқының жарты ғасырлық өмірі аса жоғары көркемдікпен суреттеліп, ақыл-ой даналығының халық бойына біткен мол қазынасы қаламынан сарқырап аққан ұлы талант иесіне деген халқының ризашылығы шексіз. [18.10.]
Бәрімізге мәлім Абай 13 жасынан бастап қоғамдық жұмыстарға тікелей қатыса бастады және өмір бойы елім деп еңіреп өтті.

2.4 Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын тиімді жолдармен меңгерту
ХХ ғасырдың 20-жылдары ұлттық проза Ж. Аймауытов, М.Әуезов, М. Жұмабаев шығармаларымен әлемдік үлгіні бойына сіңіріп, кемелдене түсті. Идеологияның белсенді ықпалына қарамастан, дәуір тынысын, қоғамдық өзгерістің сыры мен шынын көркем бейнелеуге ұмтылыс С.Сейфуллин, Б. Майлин, С. Мұқанов, Ғ.Мүсірепов тағы басқа жазушылардың шығармаларынан кеңінен көрінді. 30-жылдардың елеулі табысы – ұлттық әдебиетте үлкен прозаның өрістеуі болды [49.279.]
Қазақ әдебиеті тарихындағы дара орны бар Ж. Аймауытов шығармашылығын орта мектепте оқытудың ғылыми әдістемелік негізін айқындау әдебиеттің әдістемесінің мазмұнын байытып, ауқымын кеңейтері анық.

2.5 Мұхтар Шаханов өлеңдерінің өзіне тән өрнекті ерекшеліктері
Қазақ поэзиясының "алтын ғасыры" немесе 60-80 жылдардағы ликаның түрлік, мазмұндық, көркемдік тұрғыдан ілгерілеткен ақындарымыз көптеп саналады. Солардың ішінде ерекше сипатымен көзге түсетіні - Мұхтар Шаханов.
Мұқағали, Қасымнан бастап, Төлеген, Жұмекен, Жұматай, Мұхтар сияқты қазақтың көрнекті ақындарының шығармашылығын жеке-жеке зерттесе, сөз өнерінің қаншама қазынасы ашылар еді! Бізде, өкінішке қарай, жекелеген ізденістер, жарық көрген бірлі-жарым мақалалар болмаса, бұл тұрғыда жүйелі жұмыстар жасалынған емес. Ендеше бүгінгі кейіпкеріміздің жан-дүниесіне үңіле түселік. [39.10.]
"Мұхтар поэзиясының бір ерекшелігі - оның адам жанына қажеттілігі, пайдалылығы. Енді бір ерекшелік - азаматтықты ақындықтан биік қоятындығы [22.3].

ҚОРЫТЫНДЫ
Көркем шығармашылық туындылардың тұлғалық бағытпен қабылдау қазіргі заманның білім беру деңгейіне сәйкес болады, егер автор-мұғалім-оқушы жүйесі жұмыс жасайтын болса, оқушы үшін тарихты да терең танып өсу мүмкіндігі өздігінен шешіледі.
Өмірбаяндық әдіске тән мәселелерді анықтауға бағытталған жүйелі талдау жүргізілген. Ақын-жазушылардың және олардың шығармаларының пайда болуы, дамуы, оқырмандарға деген әсерлерін зерттеу сол жүйенің бір бөлігі болып табылады.
Педагогикалық және әдебиеттану концепцияларға негізделе әдебиет сабақтарында жазушылардың өмірбаяндарын оқыту, сол өмірбаяндағы фактілерді олардың шығармашылықтарының тұлғалық бағдарлары ретінде қарастыру ұсынылады.