Корпоративтік басқаруды жетілдіру
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Корпоративтік басқарудың теориялық – ұйымдастырушылық астары және корпоративтік мәдениет түсінігі 7
1.1 Корпоративтік басқарудың пайда болуы мен дамуының объективті негіздері 7
1.2 Қазақстан жағдайында корпоративтік басқару дамуының ұйымдастырушылық астары 20
1.3 Корпоративтік басқару мәдениетінің мақсаты мен міндеттері 30
2 Корпоративтік басқарудың отандық және шетелдік тәжірибесі және оның тиімділік мәселелері 37
2.1 Дамыған елдердердегі корпоративтік басқару іс - тәжірибесінің позитивтік жақтары 37
2.2 Қазақстанда корпоративтік басқарудың даму үрдісі 48
2.3 Корпоративтік басқару жүйесі тиімділігінің деңгейі 57
2.4 Мемлекеттік активтерді басқарудың қазіргі жай - күйін талдау 66
3 Нарық жағдайында корпоративтік басқаруды жетілдіру жолдары мен тетіктері 83
3.1 Қазақстан экономикасындағы корпоративтік сектордың даму ерекшеліктері мен болашағы 83
3.2 Корпоративтік басқару жүйесін жақсартудың негізгі жолдары 91
3.3 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында корпоративтік басқарудың тетіктерін жетілдіру 98
Қорытынды 106
Қолданылған әдебиеттер тізімі 112
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі уақытта ең күшті корпоративтік сектор динамикалық және бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың даму стратегиясындағы ең бір маңызды элементтері болып табылады. Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесі оны құруда ішкі нарықтағы отандық және шетелдік ұзақмерзімді инвесторларды жұмылдыра отырып өз үлесін қосады.
Экономиканың өтпелі мерзіміндегі артықшылық күшінде, Қазақстан Республикасында корпоративтік басқару тәжірибесі және оған сәйкес келетін заңдылықтар басты рөль атқарады.
Корпоративтік басқару стандартының мәнділігін мойындау экономиканың ырықтандыру дәрежесін анықтау сипаттамасы болды. Барлық әлемде қаржылық нарықты біріктіретін аймақтандыру процесінің ең бір элементі, корпоративтік басқару стандартын қабылдау инвестициялық мүмкіншілік сапасы жөнінде белгі береді.
1 Корпоративтік басқарудың теориялық – ұйымдастырушылық астары және корпоративтік мәдениет түсінігі
1.1 Корпоративтік басқарудың пайда болуы мен дамуының объективті негіздері
Қазіргі уақыттағы шаруашылықтың ең тиімді түрі корпорация болып табылады. Ол дүниежүзілік экономикадағы шаруашылық құрылымының ең маңызды жүйесі болып есептелінеді. Бірақ әлемде корпорацияны ірілендіру үрдісі байқалады, осыған байланысты ең басты көңіл корпорация құрылымы бойынша күрделі қалыптасу тетігін зерттеу мәселесіне бөлінеді.
1992 жылмен 2008 жылдар аралығында ең маңызды бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар экономиканың корпоративті секторын құрып, акционерлік қоғам статусын алды.
Корпорация формасында құрылған ірі компаниялар, енді қазіргі отандық экономиканың негізгі звенолары болды. Әлемде соңғы он жылдықта сан ретінде де, мөлшері ретінде де ірі корпорациялардың тұрақты өсуі байқалады.
1.2 Қазақстан жағдайында корпоративтік басқару дамуының ұйымдастырушылық астары
Еліміздің экономикалық өмірінде мемлекет шаруашылық субъектілер нарығында тәртіп ережелерін орнататын және нарықтық субъектілердің қалыптасу жағдайына заңдылық және нормативтік актілерімен ықпал ететін реттеуші құрылым болады.
Қазақстанда заңдылықтардың нақты жағдайы тәжірибе мұқтажына толық мөлшерде көрсетілмейді. Әр заңның белсенді «тіршілік әрекетін» қамтамасыз ету тетігі бірқатар принциптерге негізделуі керек: сәйкестік, қажетті әртүрлілік, орындаушылық. Сәйкестік принципі заң жүзінде жан-жақты көрсетеді, бекітеді, қоғамдық қатынастардың нақты сферасын ретке келтіреді және оны қабылдау мақсатына жауап береді деп топшылайды. Қажетті әртүрлілік принципі оны орындауындағы әр түрлі әдістердің бар болуын шамалайды.
1.3 Корпоративтік басқару мәдениетінің мақсаты мен міндеттері
Компания қызметінің тиімділігі келесідегідей өндірістік қуаттылық, технология, қызмет, оның біліктілігі, даму әлуеттілігі сияқты негізгі факторлармен анықталады. Соған қоса, ең мәнді факторына корпоративтік мәдениет жатады. Корпоративтік мәдениет өзара әрекет етуін және ұжым мүшелерінің келісімінен басқарушылық тобын, құрылымдық бөлімшелерін анықтаушы жүйе, оны басқалай ұйымдастырушылық мәдениет деп атайды, осы терминдер синонимдер ретінде қарастырылады.
2 Корпоративтік басқарудың отандық және шетелдік тәжірибесі және оның тиімділік мәселелері
2.1 Дамыған елдердердегі корпоративтік басқару іс - тәжірибесінің позитивтік жақтары
Әлемдік экономика тарихы корпоративтік басқарудың бірқатар маңызды заңдылықтарын ұстайды және шетелдік іс - тәжірибені пайдалану мысалына ие.
Көпжақты корпоративтік құрылыстар әр түрлі үлгідегі корпоративтік ұйым формасы, бизнесі және бәрінен бұрын, корпоративтік басқару жүйесінің бар екендігін атап өтуге мүмкіншілік жасайды. Бұл корпоративтік басқарудың объективтік негізінде құрылуы және дамуы жөнінде сөз қозғайды. Тағы да атап өтелік, корпоративтік басқару жүйесін біз өзарабайланысқан элементтер, тетігі, процедуралар жиынтығының ұйымдастырушылық үлгісі деп түсінеміз,оның көмегімен компания өз инвесторларының мүддесін қорғайды. Бұл күрделі жүйе өзіне менеджерлер еңбегінің жалақысынан бастап, банкроттылық механизм процедураларымен аяқтай келе, корпорация функциясы мен барлық құрауыштарын бекітеді.
2.2 Қазақстанда корпоративтік басқарудың даму үрдісі
«Корпорация» термині өз дамуында бірнеше кезеңнен өтті. Егер ертеде ол кәсіптік белгісі бойынша бірлестік ретінде қарастырылса, қазіргі уақытта шаруашылық субъектісі нысаны сипаттамасына түрленді. Біруақытта корпоративтік бірлестік нысанының дамуымен корпоративтік басқару үрдісі де жетілдірілді. XX ғасырда корпоративтік басқару мәселесіне даму эволюциясын ірі корпорация ретінде бейнелей отырып, ғылыми көзқарас арта бастады. Соңғы 10-15 жылда корпоративтік басқару мәселесіне де экономистер, заңгерлер, саясаттанушылар да көп көңіл бөле бастады.
Корпоративтік басқаруға теориялық көзқарасының дамуы 80-90 жылдары үш бағыт бойынша өтті. Біріншіден, сыртқы ортадан корпорацияның өсу тәуелділігін есепке алатын қызығушылық танытқан ортақ қатысушылардың теориясы күшін жинақтады. Екіншіден, шаруашылық қызметін көрсететін, стандартты неоклассикалық концепцияға қарағанда, фирманың экономикалық теориясы кең өріс алды. Осы жерде агенттік қатынастар теориясын атап өткен жөн.
2.3 Корпоративтік басқару жүйесі тиімділігінің деңгейі
Корпоративтік басқарудың стратегиялық бейімделіп өңделген әдістемелік жүйесі корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін қандай тәртіпте құрылып орындалуын айқындауға мүмкіншілік берді. Әр бағыттағы мүдденің дауларын шешу үшін, түйісу нүктесін табы үшін корпоративтік қатынастарының қатысушылар мүддесімен келісу. Осы мағынада корпоративтік қатынастар қатысушыларының әр тобына компанияның бәсекелестік позициясын нығайту пайдалы. Меншік иелеріне түпкі сыны бойынша тез арада шешім қабылдауы қажет - компания құнының өсуіне шешімнің ықпалы бар ма, әлде жоқ па?
Басқарушылық қызметінің тиімділігін бақылау мен баға беру механизмін құру. Көрсеткіштер теңгерімділігінің жүйесі бизнес - жүйенің жағдайына жан - жақты баға беруде индикатор жүйесін белгілейді. Корпоративтік қатынастарының негізгі қатысушылары (менеджерлер және меншік иелері) толық шамада олармен шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттарымен қамтамасыз етілген. Стратегияны басқару меншік иелері мен менеджерлерді компания құнын арттыруға ғана емес, сонымен бірге келешекте бәсекелестік артықшылықтарды да құруға бейімдейді.
2.4 Мемлекеттік активтерді басқарудың қазіргі жай - күйін талдау
Республикадағы 90 - жылдары жүргізілген кең ауқымды жекешелендіру салдарынан республиканың экономикасындағы жеке сектордың үлесі елдің жалпы ішкі өнімнің 85 пайызына дейін ұлғайды.
Сонымен бірге, 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекет еншілес кәсіпорындарды қоса алғанда, 537 мемлекеттік республикалық кәсіпорынның және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 1749 мекеменің; 4255 коммуналдық кәсіпорынның және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын 13 639 мекеменің меншік иесі болып табылады.
Республикалық мемлекеттік меншікте ұлттық компаниялар мен даму институттары акцияларының пакеттерін қоса алғанда, 177 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акцияларының мемлекеттік пакеттері, қатысу үлестері бар. Коммуналдық мемлекеттік меншікте 243 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акцияларының мемлекеттік пакеттері, қатысу үлестері бар.
3 Нарық жағдайында корпоративтік басқаруды жетілдіру жолдары мен тетіктері
3.1 Қазақстан экономикасындағы корпоративтік сектордың даму ерекшеліктері мен болашағы
Ең мықты корпоративтік сектор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік даму стратегиясының маңызды элементі болып есептелінеді. Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесі оны құруда өз үлесін қоса отырып, отандық және ұзақ мерзімді шетелдік инвесторларды нарыққа жұмылдырады. Корпоративтік басқару тиімділігінің экономикалық қажеттілігінің көз қарасынан төрт негізгі корпоративтік сектордың ерекшелігі бөлінді.
3.2 Корпоративтік басқару жүйесін жақсартудың негізгі жолдары
Экономикалық және механизмінің жиынтығы, оның көмегімен акционерлік меншік құқығы жүзеге асырылады, корпоративтік бақылау құрылымы қалыптасады.
Жүйені құрайтын құн объективизациясы, әсіресе жоғарытехнологиялық экономикалық құрылыс - корпорация үшін институциональдық база жоқ, оған себеп корпоративтік құнды қағаздарының қазақстандық нарығы әлі күнге дейін өне бастаған кезіндегі жағдайында. Қазіргі уақытта көптеген қазақстандық компаниялар корпоративтік басқарудың құрылымдық қайта құру жүйесі бойынша жұмыс жүргізуде, оның ішінде ішкі бақылау жүйесі, осы жүйені бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге, ұйымның дамуы мен тиімді қалыптасуына бейімдеу. Банктік жүйеге сенімді арттыру - бұл есебі банктермен корпоративтік басқару жүйесін дамытуды, кредиторлармен салымшылар мүддесін қорғауды, банкроттылық пен таратылу тетігін, банктік қадағалауды нығайтуды, есеп сенімділігін жақсартуды, банктің қаржылық жағдайы жөніндегі ақпаратты ашу сапасын бекіте отырып шамалайды.
3.3 Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында корпоративтік басқарудың тетіктерін жетілдіру
Корпоративтік басқарудың тиімді бақылануын жүзеге асырудың бірнеше тетіктері бар. Ең бірінші бақылау тетіктеріне қалыптасқан тауарлық нарықтар жатады. Осы нарықта нашар жұмыс істейтін әрдайым банкроттылық жағдайында табылатын компаниялар үшін менеджерлер барлық корпорация тобының мүддесін есепке ала отырып, тиімді жұмыс бастау әрекетіне көшеді.
Бақылаудың екінші тетігі - қаржы нарығы. Ол акционерлік қоғам қызметіне өз қызығушылығын жоғалтқан иемденушілерге өз акцияларын сатуға және акционерлік қоғам капиталынан өз үлесін алуға мүмкіндік береді.
Қорытынды
Әлемдік тәжірибемен дәлелденген тиімді корпоративтік басқару болып компанияның акционерлік құнын көбейтудің негізін қалаушы жағдайы болып табылады, корпоративтік даулардың пайда болу ықтималдығын азайтады, инвесторлар үшін компанияны жұмылдыруды көбейтеді, сонымен қатар компания бейнесіне позитивтік ықпалын тигізеді. Дамыған корпоративтік жүйесі тек жеке субъектілерге ғана қажетті емес, ол толығымен еліміздің экономикасының артуына әсерін тигізеді, еліміздің қор нарығын дамытуда және халықаралық нарық компаниясына Қазақстандық компанияларының шығуында да маңызды рөл атқарады.