Негізгі қорлардың есебін талдау
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Негізгі қорлардың теориялық негіздері 7
1.1 Негізгі қорлардың мәні 7
1.2 Негізгі қорлардың құрамы және құрылымы 12
1.3 Негізгі қорлардың саралануы 15
2 «Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ негізгі қорларынын есебін талдау 20
2.1 «Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ –ның жалпы сипаттамасы 20
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 25
2.3 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері 40
2.4 Негізгі қордың қозғалысы және арнаулы аудит 46
3 Кәсіпорынның негізгі қорларын жетілдірудің негізгі бағыттары және амортизацияны есептеу әдістері 51
3.1 Кәсіпорынның негізгі капиталының ұдайы өндірісі және оны жетілдіру нысандары 51
3.2 Амортизацияны есептеу әдістері 57
Қорытынды 70
Қолданылған әдебиеттер тізімі 72
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Мұнда жоғарғы өнімді техникалар қолдану мәселелері кең тұрғыда шешілуі керек. Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді уйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғарғы табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса. Сонымен қатар қазіргі жағдайда кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай – күйінің орнығуында негізгі қордың атқаратын рөлі аз емес. Отандық есептік аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалауда жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз. Нарықтық экономика жағдайында әрбір кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Міне, осы табыс табуда кәсіпорынның негізгі қорлар басты орын алады.
1 Негізгі қорлардың теориялық негіздері
1.1 Негізгі қорлардың мәні
Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық әлеуетінің маңызды сипатамаларының бірі болып табылады. Сол себепті олардың өндіріске тигізер ықпалын, оларды барынша тиімді пайдаланудың зерттеу үлкен қызығушылық туғызады.
Негізгі қор деп материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құны шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке байланысты есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.
1.2 Негізгі қорлардың құрамы және құрылымы
Негізгі қор топтарының арақатынасы немесе жекелеген топтардың жалпы құн ішіндегі меншікті үлесі өнеркәсіптік өндірістердің техникалық деңгейін көрсететін негізгі қорлардың өндірістік құрылымын құрайды.
Құрылымды талдау мен оны жетілдірудің шаруашылық қызметтің барлық деңгейіндегі маңызды тәжірибелік мәні тек кәсіпорын және бір сала ішіндегі ғана емес, цехта да, өндірістік телімде де зор, себебі өнеркәсіптік халық шаруашылығы саласы да, жекелеген өндірістер де тек өзіне тән негізгі қорлар құрылымына ие. Негізгі қорлар құрылымы өндіріс сипаттамаларының бірі болып табылады деп айтуға болады. Барлық аталған негізгі өндірістік қор активті немесе пассивті болып екіге бөлінуі мүмкін.
Белсенді бөлікке кәсіпорын мен саланың өндірістік қуатын, техникалық деңгейін белгілейтін «өнімді жасайтын» негізгі қорлар жатады.Белсенді бөлігі басым түсетін негізгі өндірістік қорлар едәуір озық құрылымды болып табылады.
1.3 Негізгі қорлардың саралануы
Өндірістік үдеріске қатысу сипатына қарай негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістің негізгі қорға өндіріс үдерісіне тікелей қатысатын нысандар жатады. Олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына(машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар және т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды(ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар).
Өндірістік емес негізгі капиталдың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі капитал жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі қор жатады.
2 «Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ негізгі қорларынын есебін талдау
2.1 «Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ – ның жалпы сипаттамасы
«Сенім» жинақтаушы ашық зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – «Қор») 1998 жылдың қазан айында құрылған болатын. 2009 жылдың 17 сәуірінде Қор өз аталымын «Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамы деп өзгертті (Мемлекеттік қайта тіркеу куәлігінің нөмірі 22310-1910-АҚ).Қор зейнетақылық жарналарды тарту және зейнетақылық жинақтарды төлеу бойынша өз қызметін Қазақстан Ресупбликасының
Қаржылық рынокты және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау бойынша Агенттігі (бұдан әрі – «Агенттік») 2009 жылдың 10 маусымында берген №3.2.16/36/39 лицензияға сәйкес жүзеге асырады. Қор 2008 жылдың мамыр айында зейнетақылық активтерді басқаруға лицензия алды. Қор зейнетақылық активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және жарналарының мөлшері белгіленген зейнетақылық сұлба (бұдан әрі – «Сұлба») бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтерін бір мезгілде орындайды.Қордың негізгі қызметі зейнетақылық жарналарды мемлекеттік бағалы қағаздарға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес ұйымдарының бағалы қағаздарына, шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына, белгілі бір халықаралық қаржылық ұйымдардың банктік депозиттеріне және бағалы қағаздарына инвестициялау.
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
Қор сатып алатын материалдық емес активтер жинақталған амортизация және құнсызданудан келген залалдар шегеріліп, іс жүзіндегі шығындар бойынша көрсетіледі. Арнайы бағдарламалық жасақтамаға лицензия сатып алуға және оны енгізуге жұмсалған шығындар арнайы бағдарламалық жасақтаманы сатып алуға және оны енгізуге байланысты шығыстардың негізінде капиталға айналдырылады. Материалдық емес активтер бойынша амортизация тозуды оларды пайдаланудың жорамалданған мерзіміне біркелкі есептеу әдісі бойынша есептеледі және пайданың немесе залалдың құрамында көрсетіледі. Материалдық емес активтерді пайдалану мерзімі 5 жыл. Өзгерістері кезеңдегі пайданың немесе залалдың құрамында көрсетілетін шынайы құны бойынша бағаланатын қаржылық құралдар санатына жатқызылмаған қаржылық актив әрбір есептік күнгі жағдай бойынша оның болуы мүмкін құнсыздануының объективті дәлелі бар екендігіне бағаланады.
2.3 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
Негізгі капиталды тиімді пайдалану- кәсіпорнға түсетін пайданы арттырудың маңызды шарты болып табылады.
Негізгі капиталды барынша толық пайдалану өндіріс көлемін арттыра ртырып, жаңа өндіріс қуаттарын жаңартуға деген қажеттілікті төмендетуге алып келеді, демек кәсіпорнның пайданы одан әрі дұрыс пайдалануына әкеліп соқтырады (тұтыну қорына пайдадан түсетін төлемдер үлесі артады, жинақтау қорының едәуір бөлігі өндірісті механикаландыру мен басқаруды автоматтандыруға және т.с.с бағытталады).
Негізгі қорларды пайдалану жағдайы мен дәрежесі өндірістің техникалық деңгейін, оның даму қарқыны мен ауқымын, оның тиімділігін көрсетеді.
Негізгі қорлардың тиімділігі белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемімен немесе негізгі қорлар қайтарымымен анықталады.
Негізгі қорларды өндірісте пайдалану тиімділігі бірқатар факторларға байланысты:
2.4 Негізгі қордың қозғалысы және арнаулы аудит
Негізгі қорлар және олардың қозғалысы
Кәсіпорындарды, бірлестіктерде негізгі қорлардың жағдайы мен қозғалысын анықтау үшін есеп ұйыдастырылады. Бұл есеп бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорындар мен бірлестіктер негізгі қызмет теңдестігінде тіркелген барлық негізгі қорлар саны мен қозғалысын, сонын ішінде өндірістік және өндірістік емес қорларды олардың бастапқы және қалдықтық бағалары бойынша есепке алынады.
Негізгі қор қозғалысын бақылау, бухгалтерлік есеп берген мәліметтің дұрыстығы мен толықтылығын, оның әр түрлі нысандардың жай күйіне сәйкестігін тексеру мақсатында кәсіпорын жүйелі түрде мүлікті қаттауды жүргізіп отырады. Негізгі капитал қаттамасы жылына бір рет 1 қарашадан кейін өткізіледі.
Негізгі қорлардың болмысы мен қозғалысын сипаттау үшін келесі деректер пайдаланады:
3 Кәсіпорынның негізгі қорларын жетілдірудің негізгі бағыттары және амортизацияны есептеу әдістері
3.1 Кәсіпорынның негізгі капиталының ұдайы өндірісі және оны жетілдіру нысандары
Негізгі капиталдың ұдай өндіріс ресурстардың жаңарту туралы жалпы стратегиясы болып табылады. Бұл стратегияның негізінде қолданылатын өндірістік ресурстарды бірқалыпты жағдайда ұстап тұру қағидасы жатыр. Бұл қағида жөндеу, жаңғырту және қайта құру арқылы негізгі каиталды қалпына келтіруді қарастырады. Бұл жұмыстарды жүргізу стратегиясын белгілегенде кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін еске ала отырып, ықтималды инвестициялық жобаларды онтайлы қалыптастырып қана анықтауға және талдауға болады. Жаңа құрылыс салу, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, қайта құру арқылы кәсіпорынға тиісті негізгі капиталдың ұдайы өндірісін әртүрлі жолмен жүргізуге болады. Егер жүргізілген жаңғырту және қайта құру жұмыстары арқылы қызмет (тиімді пайдалану мерзімі, қуаты, пайдалану сапасы) көрсетудің қабылданылған нормативтері жақсарса, онда негізгі капиталдың бастапқы құны жоғарылайды.
3.2 Амортизацияны есептеу әдістері
Амортизациялық мөлшерлер амортизация көлеміне қарай ерекшеленуі мүмкін: ол уақыт бірлігіне- негізгі қор құнының пайыздық бөлігі; шығарылатын өнім бірлігіне- теңге; жұмыс бірлігіне сәкес белгіленеді. Өнеркәсіпте амортизациялық мөлшерлерді белгілеудің алдыңғы екі әдісі қолданылады.
Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент- оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне тікелей әсер етеді.
Қорытынды
Бұл дипломдық жұмыста негізгі қорлар есебі және оларды талдау және жақсарту жолдары қарастырылып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – бүгінгі күнде бәсеке қабілеттілікті көтеруде басты міндет ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту,Қазақстан кәсіпорындарындағы негізгі қорларын үнемі жаңартып отыру саясатының маңызын ашу.
Ал, оның басты міндеті – осы мәселелердің артықшылықтарын айқындап көрсету болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында кәсіпорында негізгі қорларды пайдаланудың теориялық және практикалық аспектілеріне терең зерттеу жүргізіле отырып, негізгі мәні, кәсіпорында тиімді пайдаланудың ерекшеліктері, кәспорында ұйымдастырылу саясаты, сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардағы негізгі капиталды жаңарту құралы, өндіріске иновациялық жаңалық енгізу құралы және тағы да басқа мәселелер қарастырылады. Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңдылық құжаттары, ғылыми мақалалар мен оқулықтар интернет сайттарының және кәсіпорынның нақты мәліметтері, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары, отандық және шетелдік ғалым экономистерінің еңбектері, үкімет бекіткен бағдарламалар мен қаулылар, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттары қолданылады.