Орташа жалақыны есептеу тәртібі
Жоспар
I Еңбек ақының теориялық негізі 3
1.1 Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары 3
1.2 Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмі 14
1.3 Шетелдік еңбек ақы төлеу жүйелері 16
II Мұнай саласында еңбек ақы төлеу ерекшеліктері 18
2.1 Еңбек ақы формалары мен жүйелері 18
2.1.1 Еңбек ақының тарифсіз жүйесі 21
2.1.2 Еңбек ақының тарифтік жүйесі 22
2.1.3 Еңбек ақының сыйақылар жүйесі 24
2.2 «Қаражанбасмұнай» ААҚ-ның ұйымдастық - экономикалық сипаттамасы 25
2.3 Еңбек ақы туралы мәліметтерді өңдеуде қолданылатын компьютерлік бағдарлама 29
III Мұнай саласында еңбек ақыны талдау 33
3.1 «Қаражанбасмұнай» ААҚ-ы бойынша еңбек ақыны талдау 33
3.2 Қазақстан Республикасы бойынша еңбек ақыны статистикалық талдау 35
Қорытынды 41
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 46
I Еңбек ақының теориялық негізі
1.1 Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары
ҚР-ның еңбек туралы кодексі бойынша еңбек ақы - бұл жұмыскерлердің фактілі атқарған еңбегі үшін ақшалай және натуралды формада берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады. Қазіргі кезде еңбек ақы жұмыскер табысының көп бөлігін құрайды. Ал нарықтық экономиканың дамуы кезіндегі еңбек ақы –оның еңбегін пайдаланудың нәтижесі болып табылады, және жұмыскер жұмсаған еңбегінің құнымен анықталып, пайдаланылған жұмыс күшінің сұранысынан туындайды. Неғұрлым жұмыс күшіне сұраныс көп болса, оның ұсынысы кеміп, еңбек ақы мөлшері артады және керісінше. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың біртіндеп қалыптасып, баяу дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігі аумағында еңбек ақы жұмыс күшінің құны болып табылады, ал ол жұмыскердің тіршілігі үшін қажетті жағдай жасайды. Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді.
Еңбек ақыны қарастырған кезде мынадай міндеттер алға қойылады:
1.2 Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмі
Еңбек ақыны ұйымдастыру шаралары көбінесе өнеркәсіп мекемелінде шешілетініне қарамастан, мемлекет маңызды әлеуметтік нормативтерді ( яғни, еңбек ақының минималды деңгейін анықтау, кедейшілік кшегін анықтау және Қазақстанда еңбек ақы жүйесін реформалаудағы заңнамаларды келтіру) белгілеу шараларын жүргізеді.
Қазақстанда еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмінің негізгі элементтері келесі суретте көрсетілген:
2-сызба
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмінің негізгі элементтері
1.3 Шетелдік еңбек ақы төлеу жүйелері
Қоғамдық өмірдің демократиялануы, нарықтық қатынастарға өту, шаруашылық қызметтегі еңбек ұжымдарының өзіндік құқығын кеңейту еңбек ақы төлеу моделін таңдау мен дайындау, еңбек ақыны реттеуді әр деңгейге бөліп қана қоймай , сонымен қатар оның қажеттілігін арттырады. Осыған байланысты шетел мемлекеттері, олардың классикалық нарық тәжірибелері (АҚШ, Германия, Жапония) көп көңіл аудартады. Шет елдерде еңбек ақының әртүрлі жүйелерін қолданудың өте көп тәжірибелері жинақталған. Әр елдің жүйесі ерекше белгілермен сипатталады:
II Мұнай саласында еңбек ақы төлеу ерекшеліктері
2.1 Еңбек ақы формалары мен жүйелері
Еңбек ақы жүйесі ретінде еңбек көлемін сипаттайтын жұмыскердің еңбек нәтижесіне және белгіленген жұмыс күші құнына сәйкес еңбек ақы алудың кепілдігі сияқты көрсеткіштердің өзара байланысы түсіндіріледі.
Еңбек ақы формасы – бұл еңбек ақы төлеу мақсатымен жұмыскердің орындаған еңбегін кезінде арқылы еңбек нәтижесі бойынша негізгі көрсеткіштердің еңбек ақы төлеу жүйесінде жинақталған белгілі бір тобы .
Кәсіпорында еңбек ақының 2 түрлі формасы кең таралған: келісімді (немесе өндірілген өнімге байланысты) және уақыт бойынша.
Келісімді еңбек ақы – шығарылған өнімнің есебі бойынша анықталады. Ол кезде өнімді шығаруға кеткен уақыт, шыққан өнімді уақытқа байланысты нормалау, тапсырыстың уақытпен орындалуы есепке алынады. Онда өндірілген өнімнің саны есептеледі. Өнімге байланысты еңбек ақы қай мезгілде орындалды - күндіз бе, түн кезінде ме, жұмыстан тыс мезгілде ме , оған байланысты болмайды. Еңбек ақының келісімді түрі орындалатын жұмыс дәрежесі және бірінші дәреженің тарифтік ставкасының есебімен келісімді бағаларды анықтауға негізделеді. Келісімді еңбек ақы ,әдетте, келесі шарттарда қолданылады.
2.1.1 Еңбек ақының тарифсіз жүйесі
Еңбек ақыны тарифсіз есептеу – мекеме мен кәсіпорынның шын мәніндегі экономикалық көрсеткіштеріне байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кездерде өнеркәсіп орындарында еңбек ақының бұл жүйесімен есептеу компанияларда жиі қолданылады. Жұмыскерлердің еңбек ақысын есептеу мен оны беру тәртібі ұжымдық шарттарда жан-жақты көрсетілуі тиіс, бұл мекеменің негізгі басшылыққа алатын заңды құжаты болып табылады.
2.1.2 Еңбек ақының тарифтік жүйесі
Еңбек ақының тарифтік жүйесі бойынша – еңбек ақы өнімнің түрі, сапасы және санына қарай реттеледі. Сондықтан да еңбек ақының тарифтік жүйесі бойынша жұмыскерлер ақылары, олардың біліктілік деңгейлеріне, еңбек өнімділігіне байланысты белгіленіп реттеледі.
2.2 «Қаражанбасмұнай» ААҚ-ның ұйымдастық - экономикалық сипаттамасы
«Қаражанбасмұнай» ААҚ-ы Маңғыстау облысындағы Қазақстан Республикасының ең ірі мұнай өндірушілердің бірі болып келеді. «Қаражанбасмұнай» ААҚ-ы Ақтау қаласында 1995 жылы әділет органы басқаруымен тіркелді. Ол кезге дейін компания мемлекеттік меншік иесінде болды.
1997 жылы 19 мамырда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы негізінде Мемлекеттік Жекешелендіру бағдарламасына байланысты кәсіпорынның 94,5 акциясын канадалық «Triton-Vukor Energy Group LTD» компаниясы ( кейіннен «Nations Tnergy Company LTD» -ға өзгерген) сатып алды. «Қаражанбасмұнай» ААҚ-ы қызметінің мақсаты болып нарық сұранысына сәйкес бәсекеге қабілетті мұнай өнімін өндіру, сапасын жоғарылату және пайда табу үшін номенкла тураларының ұлғайту, еңбек ұжымының әлеуметтік және экономикалық мүдделерін қанағаттандыру табылады.
2.3 Еңбек ақы туралы мәліметтерді өңдеуде қолданылатын компьютерлік бағдарлама
Қаражанбасмұнай ААҚ-ы британдық Systems_Union компаниясымен құрылған «Sun Systems» программасымен жабдықталған.Бұл кең таралған корпоративті программа кәсіпорынды тиімді басқаруға, қаржылық есеп беруді оңтайлы жүргізуге мүмкіншілік береді. Яғни кәсіпорынның барлық бөлімшелері осы программамен жұмыс жасайды. Ал еңбек ақыны есептеу бөлімі Robertson&Blums,2004 корпорациясы әзірлеген RB Payroll программасымен жұмыс жасайды. Себебі, бұл программа еңбек ақы есептеудің тез және сапалы жаңа жолы. Бұл программада кәсіпорын деректерімен, құрылымымен, ұжыммен басқару модулімен, штат кестесімен, жұмысшылар туралы мәліметтерді көруге, қосымша анықтамалармен танысып көруге болады.
III Мұнай саласында еңбек ақыны талдау
3.1 «Қаражанбасмұнай» ААҚ-ы бойынша еңбек ақыны талдау
Алдымен бұл компаниядағы қызметкерлердің жалпы санын, құрамын қарастырып көрейік.
10-кесте
2001-2004 жылдар бойынша «Қаражанбасмұнай» ААҚ-ың ұжымдық құрамының динамикасы ,адам
Қорытынды
Қазақстан Республикасы бойынша орташа жалақы мөлшері 1999-2003 жылдар арасында жылына 2 747,4 теңгеге өсіп отырса, ал Республика бойынша мұнай саласындағы 1999-2003 жылдар арасында орташа айлық жалақы жылына 11 277,25 теңгеге өсіп отырған, Қаражанбасмұнай ААҚ –ы бойынша 1999-2003 жылдар арасында орташа айлық жалақы 2 993,7 теңгеге өсіп отырды.
Еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайында соңғы 2-3 жылда жалпы экономикалық және әлеуметтік ахуалды жақсартуда оң үрдістер айырықша көзге түседі. Атап айтқанда, еліміздегі экономикалық өсудің жоғары қарқыны тек шикізат ресурстарына қолайлы баға коньюнктурасындағы сыртқы факторлармен ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіп өнімінің көлемінің артуы , ауыл шаруашылығының дамуында оң серпіннің сақталуы, шағын бизнес саласының ұлғаюы сияқты ішкі факторлар мен қатар инфрақұрылым салаларының дамуы да көрінерліктей болды.