Заһириддин Бабыр (1483-1530)
Орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан үлкен ойшыл, кемеңгер ғалымдардың бірі – Заһиридтин Бабыр. Оның ғажайып ерлікке толы өмірі, саяси-әлеуметтік қызметі, әсірісе “Бабырнама” атты шығармасы Орта Азия мен Қазақстанның мәдени тарихынан елеулі орын алады.
Заһиридтин Мұхамед Бабыр 1483 жылы 14 февральда Ферғана облысында туған. Оның әкесі Омар Шайхы – Ақсақ Темірдің шөбересі, Ферғананың әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі – Құтлық Нигар ханым Моғұлстан ханы, Шыңғысхан әулеті Жүністің қызы болатын. Бабыр мен қазақтың тұңғыш тарихшысы – Мұхаммед Хайдардың шешелері – бірге туысқан, апалы-сіңілі адамдар болған. Демек, Бабыр мен Мұхаммед-Хайдар бөле.
1494 жылы Омар Шайхы қайтыс болады да, Ферғана Әмірінің орны бос қалады. Осы кезде Омар Шайхының інісі, Самарқан Әмірі Ахмет мырза осы орынға ауыз салып, Ферғана Әмірінің тағына таласады. Алайда, Омар Шайхының беделді бектері оған қарсы шығып, Омар Шайхының 11 жасар баласы Бабырды Ферғана Әмірі деп жариялап, асығыс таққа отырғызады. Бабыр үкімет басына келген кезде, Самарқан, Бұқара, Ташкент, Әндіжан, Хисар, Кабулды билеуші Темір тұқымдары өзара жауласып, бір кездегі аса қуатты Ақсақ Темір империясының әблден әлсіреткен еді.
Зиһридтин Бабыр – аса дарынды, ой-өрісі кең, жан жақты білімді адам болды. Сонымен бірге ол аса ақылды, байқағыш, ер жүрек, батыр болған кісі. Оның қасиеттерін “Бабырнаманы” оқып отырып анық байқайсың. Бірақ сонымен бірге, ол үстем тап өкілі - Әмір Темірдің әулеті, өз еліндегі және басқа жерлердегі өкімет билігін басып алуға тырысқан тақшыл, мансапқор әкім екенін де естен шығармауымыз керек.
Біз Бабырда еске түсіргенде, оны ғалым ақын және жазуша ретінде еске түсіреміз, сол тұрғыдан бағалаймыз.