Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Аудит

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Негізгі құралдардың амортизациялық есебі және аудит


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі 5
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны 5
1.2 Негізгі құралдардың амортизациясының есебі 6
2. Негізгі құралдардың тозуының есебі 16
2.1 Негізгі құралдардың тозу есебі 16
2.2 Құнды бірқалыпты және жылдамдатып есептен шығару әдісі 19
2.3 Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасы 22
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарыхы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүзедеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.
Осы курстық жұмыста мен «Негізгі құралдардың амортизациясының есебі, негізгі құралдардың тозуының есебі» тақырыбын тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін.
Курыстық жұмысымның кіріспе бөлігінде негізгі құралдардың экономикалық мәні және жалпы жіктемесі жайына тоқталамын.

1. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі

1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны
Әрбір шаруашылықта бекітілген құралдар үздіксіз қозғалыста болады. Өздерінің құндарын өндірілген өнімге ауыстыруына байланысты, шаруашылық құралдары негізгі және айналым құралары болып бөлінеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына, оның тиімділігін арттыруда негізгі құралдардың маңызы зор. Өйткені олар арқылы еңбек бұйымдарын өңдеп, материалдық бұйымдар алуға болады. Сонымен қатар олар өндіріс процесінде ұзақ мерзім пайдаланылып, өзінің қалыпты үлгісін сақтай отыра, құнын өндірген өнімнің құнына біртіндеп тозу мөлшері бойынша апарып отырады. Сонымен стандартқа сәйкес негізгі құралдар дегеніміз бұл материалдық өндірістік және өндірістік емес сферада ұзақ уақыт бойы қызмет көрсететін материалдық активтер.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың бірыңғай типтік жіктелуі қолданылады. Сол жіктеуге байланысты оларды төмендегідей белгілермен топтастырады:

1.2 Негізгі құралдардың амортизациясының есебі
Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.
Амортизация - тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету). Амортизацияланатын құн дегеніміз- бастапқы құнмен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынақтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, танылады.

2. Негізгі құралдардың тозуының есебі
2.1 Негізгі құралдардың тозу есебі
Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып-мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жету. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.
Негізгі құралдардың сапалық тозу олардың толық табиғи тозуы жетпейақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

2.2 Құнды бірқалыпты және жылдамдатып есептен шығару әдісі
Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бірқалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құнмен қалдық құнның айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

2.3 Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасы
Есепке алу практикасында кейде амортизация есептеу нәтижесінде негігі құралдардың баланстық құны нөлге тең болатын, соның өзінде негігі құралдары өздерінің техникалық және пайдалану сапалары бойынша кәсіпорынның шаруашылық қызметінде одан әрі пайдаланылатын жағдайлар кез болады. Бұл бөлімде сондай жағдайлардың салдарлары қаралған және ондай жағдайлардың пайда болуына жол бермеу әдістері келтіріген.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен «Негігі құралдардың амартизациясынның есебі» деген тақырыпқа арналған курыстық жұмысымды қортындылау үшін ең алдымен тағыда амартизация сөзіне анықтама берейін.
Амортизация- тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету). Амортизацияланатын құн дегеніміз- бастапқы құнмен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынақтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, танылады.