Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстанның экологиялық проблемалары


Жоспар
1 Қазақстанның экологиялық проблемалары 3
1.1 Қазақстан полигондары 3
1.2 Арал теңізінің экологиялық ахуалы 5
1.3 Балқаштың экологиялық ахуалы 7
1.4 Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары 9
1.5 Қазіргі заманда қалыптасқан экологиялық жағдайлардың туындау себептері 10
1.6 Әлеуметтік климаттың өзгеруі 12
Қолданған әдебиеттер 13

1 Қазақстанның экологиялық проблемалары
1.1 Қазақстан полигондары
Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тойсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлер де 1949 – 1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27- сі атмосферада, 183 – і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы саналған елдермен салыстырсақ 225, АҚШ – та 1032, Қазақстанда 500 – ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз.

1.2 Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Арал теңізі – Қазақстанның інжу – маржаны, шөл белдеміндегі бірден – бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейін көлемі – 1066 км2, тереңдегі – 30 – 60 метр, ұзындығы – 10 – 12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50 – 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едеуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік – экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1.3 Балқаштың экологиялық ахуалы
Балқаш көлі – Қазақстандағының ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км2, ұзындығы – 605 км, ені 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері – 26м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

1.4 Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары
Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.