Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 23 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономикалық мәні


Жоспар
Кіріспе 3
1 Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономикалық мәні 6
1.1 Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы 6
1.2 Нарықтың қызметтері 9
1.3 Нарықтық инфрақұрылым 11
1.4 Дүниежүзілік сауданың мәні мен түрлері 12
1.5 Дүниежүзілік сауданың негізгі сипаттамалары мен тосқауылдары 17
Әдебиеттер 23

Кіріспе
Халықаралық сауда – мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бірақ тек ХХ ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи - географиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.

Бөлім 1. Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономикалық мәні
1.1 Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы
В. И Ленин нарық мәселесіне ерекше мән берген. ХІХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарында көптеген еңбектер шығарды. Оның ішінде «Нарық жайлы әңгімелесу» рефераты және «Капитализмнің Россияда дамуы» ғылыми еңбегін айтуға болады (ішіндегі айдары «Әрі өнеркәсіп үшін ішкі нарықтың құрылу процесі»). Бұл еңбектерінде В. И Ленин нарықтың мәні мен роль жайлы жазды. «Нарық» ұғымын – Лениннің айтуынша – қоғамдық еңбекті бөлу ұғымынан алшақ қарауға болмайды».
В. И Лениннің ойынша, жергілікті тұйықталған нарықтар мен ХІХ-шы ғасырдың аяғында бүкіл Ресейде ішкі нарықтың болмауы жергілікті тұрғындардың экономикалық артта қалуының негізі болды.

1.4 Дүниежүзілік сауданың мәні мен түрлері
Осыған деген талпыныс жауапты біз экономикалық теория өкілдерінің классикалық мектептерінен табамыз. Оларға А. Смит (1723 – 1790 жж.) және Д. Рикардо (1772 – 1823 жж.) жатады. А. Смит 1776 жылы: «Дұрыс ойлайтын отбасы атасының негізгі қағидасы – үйде арзанға сатып алуға болатын нәрсемен ешқашан айналыспа, өндірме» – деген екен.