Шерубай батыр (қазақша)
Жоңғар шапқыншылығы кезінде елін-жерін жаудан қорғаушылардың көшін бастаған Қараке Биболды руынан шыққан, сол кездегі Қареке – Мұрат деген жалпақ елдің басын біріктіріп, қол жинап, ту көтеріп, қан майданда өзінің аса ерлігімен көзге түскен, аты ұранға айналған Шерубай батыр. Ол атышулы Қанжығалы Бөгенбай (1680 жылы), Арғын Олжабай (1687 жылы), Қаракерей Қабанбай (1691 жылы), Шапырашты Сатайұлы Бөлек (1696 жылы), Арғын Сенкібай (1709 жылы) батырлармен замандас, тағдырлас қарулас болған.
Осы шайқаста қалмақ батырымен жекпе-жекке он жеті жасар Шерубай да шығады. Қалмақ батырының денесі зор, орта жастағы адам еді. Өзінің атын естігеннен кейін қазақтың жас батырына қарсы ұмтылады. Шерубай өзіне ұмтылып келе жатқан қалмақ батыры жақындай бергенде аттың бір бүйіріне жата қалып, қолындағы сүнгісін жауының кіндігінің астына көздей салып, екінші ұшын жерге қаратады. Екпінмен ұшып келе жатқан қалмақ батыры сүнгіге шаншыла жығылып, сүнгі денесін тесіп өтеді. Жас жауынгер Шерубай осы ерлігі үшін батыр атанады.