Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бизнесті бағалау

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 9 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Бизнесті бағалауды жаңа кезеңін түсіну: пән, мақсаты, тәсіл


Жоспар
1. Бизнесті бағалау түсінігі және оның мақсаты
2. Меншік және бағалау объектісі ретіндегі бизнес пен фирма
3. Нарықтық экономикадағы бағалау субъектілері
Әдебиеттер

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жүйесінің қазіргі даму жағдайында бағалау қызметі соның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды бағалау (бизнесті бағалау) Қазақстанда белсенді дамуда. Өйткені кәсіпорынның құқын бағалау кәсіпорынды сату-сатып алу мәмілелерін жасау кезінде, несиелендіру кезінде кәсіпорын мүлкін жалға немесе лизингке беруде, кәсіпорынның негізгі қорларын қайта бағалауда кәсіпорынның қосылуы және жабылуы кезінде, жарғылық қордағы меншік иесінің үлесін бағалау секілді басқа да жағдайларда өте қажет.

Бұл пән қызмет етіп тұрған кәсіпорынның құқын бағалау бойынша негізгі ережелерді, сондай-ақ бағалау мақсаты принциптері мен әдіс-тәсілдерін, құн стандарттарын, бизнесті бағалаудың негізгі шарты ретінде тәуекелдікті анықтауды, бағалау жолдарының сипаттамасын және олардың түрлі салаларда қолданылуын оқытады.
Кез келген меншік объектісінің құқын бағалау нақты нарықтағы белгілі бір уақытта алынатын потенциалды және нақты табысты ескере отырып объектінің ақшалай құқын анықтаудың реттелген және мақсатты процесі болып табылады.
Бағалау процесінде бағаланатын объект және бағалаушы субъект болады. Бағалау субъектісі ретінде арнайы білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгерген кәсіби бағалаушыларды танимыз. Ал бағалау объектісі бұл иесін түрлі құқықтармен қамтамасыз ететін кез-келген меншік объектісі болып табылады. Бағалау объектісі ретінде бизнес компаниялар, кәсіпорындар, фирма, банк, активтердің жеке түрлері (материалдық және материалдық емес) танылады.

Дисконтталған кіріс тәсілі кәсіпорынның құны оның иесінің немесе инвестордың алатын болашақ пайдасына (мысалы, пайда мөлшері немесе ақша көлемі) байланысты деген тұжырымға негізделеді.
Бұл болашақ ақшалай кірістер кейін баламалы нақты құнға дисконтталады (келтіріледі) немесе инвестордың иеленушінің талап ететін кіріс мөлшерлемесіне сәйкес дисконт мөлшерлемесін қолдана отырып капиталданады.
Инвестордың күтетін кіріс мөлшерлемесінің есептеулері кәсіпорынды инвестициялаудың тәуекелін, сондай-ақ күтілетін болашақ ақша ағымын алумен байланысты тәуекелді талдауға негізделеді.
Кіріс тәсілін қолдану бірнеше негізгі жағдайларды анықтауды талап етеді:

Әдебиеттер
1. ҚР Президентінің «2030 жылға дейін Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыру шаралары туралы» Жарлығы. -Алматы, 1998.
2. ҚР Азаматтық кодексі //Қаз.правда, 1995, 31 қаңтар-4 ақпан
3. ҚР «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңы 30 қараша 2000 жыл №109-11.
4. Заңды күші бар ҚР Президентінің Жарлығы «Құнды қағаздар мен қор биржасы туралы». - Алматы, 1995.
5. ҚР «Шет ел инвестициялары туралы» заң //ҚР экономика және кәсіпкершілік. 1997, тамыз, №18.-с. 1-6