Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Қадыр Мырзалы шығармаларының ерекшелігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Қ. Мырзалы поэзиясының ерекшелігі 9
1.1 Қ. Мырзалы – сыншыл ақын 9
1.2 Қадыр – көп қырлы талант иесі 13
1.3 Қадыр өлеңдеріндегі пәлсапалық ой-толғамдар 19
1.4 Қазақ балалар әдебиетінің қазыналы ақыны 25
1.5 Қадыр Мырзалы өлеңдеріндегі афоризмдер 28
2 Қ. Мырзалы – ұлт ақыны 34
2.1 Ақын шығармаларындағы ұлттық ерекшеліктер көрінісі 34
2.2 Қадыр поэзиясындағы патриоттық сезім мәселесі 40
2.3 Қадыр поэзиясындағы табиғат, туған жер, өмір категориясының жырлануы 50
2.4 Қадыр өлеңдеріндегі соғыс тақырыбы мен махаббат тақырыбының жырлануы 56
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 62

КІРІСПЕ
Қазақ әдебиетіміздің талант иелерінің бірі – Қадыр Мырзалиев. Талант иесінің ақындық шеберлігін сөзбен айтып-ақ, қағаз бетіне түсіріп жазудың өзі қиын. Қадыр Мырзалиев 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан обл. (қазіргі Орал обл.) Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген. Ақынды кеңес ақыны десек артық кетпеспіз. Дарынды ақын, “Қазақ Мемлекеттік университетінің” филология факултетін бітіреді. Қадыр ағамыз жоғарғы оқу орнын тәмәмдап, әр - түрлі қызмет атқарады. Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі екенін жақсы білеміз. Ұлы ақынның атқарған қызметі де, қаламынан туған еңбектері де жоғары бағаланды. Қадыр ағамыз 1958 - 1962 жылдар аралығында «Балдырған» журналында әдебиет қызметкер, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарады. Кейін 1962-1965 жылдары «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, 1968-1973 жылдары өз қызметтерін атқарған. 1973 жылдан біраз жыл “Қазақстан Жазушылар одағы” поэзия секциясының меңгерушісі болған.

1 Қ. Мырзалы поэзиясының ерекшелігі

1.1 Қ. Мырзалы – сыншыл ақын
Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың.Тал бойында бір мін жоқ көркемі мен жинақысы Қадыр қаламынан шыққан болып шығары даусыз. Оның қаламынан туған ертегілер, мысалдар мен балладалар, сюжетті өлеңдер мен пейзаждар, мысалдар мен мазақтамалар т.б. қазақ балалар әдебиетінің классикасына қосылып, сәби оқушының рухани тәбетін ашып, ой-санасын оятар хрестоматиялық үлгілерге айналды.

1.2 Қадыр – көп қырлы талант иесі
Қадыр Мырзалиевтың шығармашылық қазынасы да, қасиеті де тұңғиыққа толы сыр. Ақын жеке - дара жырлардың ғана емес, жүйе - жинақтардың оқырманға аян ескі қоныс - мекендерін ауыстыруға тура келгенін айта кетеді. Бір сөзбен айтатын болсақ, етек - жеңін ықшамдам жинап, бірыңғай дүние, біртұтас денеге айналған тәрізді. Автордың алғашқы арманының өзі осы болатын-ды. Көптеген өлеңдердің бастапқы қатар - сапынан біраз жылдар қала тұрғанын заңды құбылыс деп ұқты. “Өңгелерін ой елегі мен сезім сүзгісінен әлденеше қайыра өткізіп, тағы бір салмақтап бақтым”, - дейді автор.

1.3 Қадыр өлеңдеріндегі пәлсапалық ой-толғамдар

Өлеңнен олжа салған ақындарымыздың бірі – Қадыр Мырзалиев өзінің елгезектігі мен ұшқырлығымен ерекшеленеді. Туралап маңдайдан соқпай, тұспалдап, мысқалдап, жанамалап, жанай жеткізіп, жақсы ғибрат ұқтырып ақын атанғандардың бәрінің қолынан келе бермейді-ақ. Қадыр әр мәселесін өз бетімен шешіп үйренген жан. Іс, жұмыс, еңбек сияқты атауларды аузына алмай - ақ өлең тілімен үйіреді. Ендеше, автор өз міндетін өрнегімен кестелеп, шынайы шығармалар тудырды. Жарқын ойды жарқ еткізген ақынның ойы өте терең.

1.4 Қазақ балалар әдебиетінің қазыналы ақыны
Қазақ балалар поэзиясының түп-төркіні тереңде жатыр. Сонау ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіне қарап отырсақ, қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, небір тамаша ертегілер, тақпақтар мен жаңылтпаштар, жұмбақтар шығарғанын және оны бала санасына үздіксіз сіңіріп отырғанын байқаймыз. Сондықтан да ондай өлмес мұралар мән-маңызын, көркемдік ерекшеліктерін жоғалтпай, бүгінгі күнге жетіп отыр.

1.5 Қадыр Мырзалы өлеңдеріндегі афоризмдер

Кез келген қаламгер белгілі бір объективті шындықты бейнелеу үшін белгілі бір тәсіл, жанрды қолданатыны, жалпыхалықтық тілден өзінің ой-пікіріне сай сөздерді таңдап, сұрыптап алатыны және оларды лайықты, тиімді синтаксистік құрылымда жүйелейтіні мәлім. Демек, суреткер өз ойын, көзқарасын, әлемді түйсінуін, басқаға дәл, нақты, әсерлі бейнелі жеткізуде тілдің экпрессивті құралдарын өз қажетіне мейлінше уәжді қолдануға тырысады. Мұндайда тілдің синонимия, антонимия, омонимия, полисемия, фразеология сияқты, экспрессивті-эмоционалды потенцалы мол құралдары мен сезімге, санаға әсер етер конструкцияларымен қатар, мақал-мәтелдердің, қанатты сөздер мен афоризмдердің де стильдік қызметі ерекше ескеріледі.

2 Қ. Мырзалы – ұлт ақыны

2.1 Ақын шығармаларындағы ұлттық ерекшеліктер көрінісі
Қазақ халқының мәдениетiн, салт-дәстүрiн, өнерi мен әдеби ойының дамуының тарихи тұрғыдан, өзiндiк ерекшелiгiмен зерттеген ақындардың бiрi- Қадыр Мырза Әли.
Қадыр қаламы өте шебер, ол топырақпен табысып, дәстүр – дiлiн дарытуында кiшкене құбылыстан қордалы ой қозғап, оны бүгiнгi күннiң болмысымен беттестiрiп, ұлт табиғатына тереңдей батып, ойындағысын оп-оңай жеткiзе бiлдi.

2.2 Қадыр поэзиясындағы патриоттық сезім мәселесі
Мырза Әлі мен қазақ ұлтының арасындағы ақындық қарым-қатынастан гөрi, туыстық қарым-қатынас деп айтсам артық болмас. Ақын ұлт өмiрiнiң ұсақ-түйек нәрселерiне дейiн бейнелеп, ауыл арасындағы табиғи тiрлiк арқылы халық өмiрiнiң қайталанбас сәттерiн өрнектейдi.

2.3 Қадыр поэзиясындағы табиғат, туған жер, өмір категориясының жырлануы
Адам – табиғат перзенті. Соның ішінде кез келгені табиғат ананың таңғажайып құбылысын, әсем әуенін көзбен көріп, көңіліміен сезіне бермейді. Ал бұл қасиет ақында басым, өйткені ол табиғат анасынан шабыт алады, ерекше қуат алады, анасына ұқсап долданады, кейде айналасындағыларға мейірім шуағын аямай-ақ шашады.

2.4 Қадыр өлеңдеріндегі соғыс тақырыбы мен махаббат тақырыбының жырлануы
Сұрапыл соғыс қанша шаңырақтың шырқын бұзып, қайғы-қасірет әкелмеді? «Бауыры бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ» дегендей бұл соғысқа көздің ағы мен қарасындай жалғызы да, ат жалын тартып мінуге жарайтын ер-азаматы да түгел сыпырылып кеткен шаңырақтар болды. Олардың көпшілігі елге оралмады. Көп адам елге мүгедек болып оралды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келгенде, білімпаз ақынның үздік туындыларын осы ғасырдың биік шежіресі деп білемін. Ақынның өмірбаяны мен шығармашылық ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтер молынан келтірмесем де, бір түйіндік сырды қолымнан келгенше, жазуға тырыстым деп ойлаймын. Ақынды жан - жақты, сан қырлы сипат - бейнесі мен ерекшелігін, танымдық қасиетін кішкене болса да ашуға тырыстым. Ұлы ақынның шығармашылығы әсемділікпен жанды бейнеленген.